КАТАР: ҚОРҚЫТУҒА КӨНБЕЙТІН БАЙ ЕЛМІЗ

/uploads/thumbnail/20170710162352395_small.jpg

Ағылшынның Times газетіне сұхбат берген Катар қаржы министрі Ali Sharif Al Emadi Катардың қорқытылмайтын өте бай ел екенін айтқан. Бұл туралы BBC түрік қызметі жазды.

Сауд Арабия, Мысыр, Бахрейн, БАӘ сияқты елдер «терроризмге қолдау жасады» деп айыптап, Катарға өткен айдан эмбарго қойған еді.  Al Emadi ондаған жылдар бойы табиғи газ сатудан түскен қаржы қорының аса бай екенін айтқан.

Al Emadi: «Жалпы ішкі өнімі — %250 – ға тең келетін халықаралық капитал қорына иелік етеміз. Катар орталық банкі резервіміз бар. Қаржы министрлігінің де стратегиялық қорлары бар», - деп  елдің экономикалық қуаттылығы туралы егжей-тегжейлі айтқан. Ол сондай-ақ өз елінің экономикасына, Доһаға эмбарго қойған елдердің экономикасын салыстыра келіп, өздерінің қаржылық негізі әлдеқайда күшті екеніне назар аудартқан.

Al Emadi өз сөзінде аталған елдердің тіпті айтарлықтай экономикалық қиындықтары бар екенін жеткізген. «Бахрейн мен Мысырдың кредиттік скорингі қоқыс деңгейінде. Сауд Арабиясына қарасаңыз қаржылық жағдайының қиын екенін аңғарасыз. Аймақтағы ең қарқынды дамыған ел біздің еліміз. Өзімізге ең жақын Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесіндегі Араб әмірліктерінен 40 пайызға тез дамып келеміз», - деген министр.

Еске сала кетер болсақ, өткен айда жоғарыда аталған төрт араб елі «терроризмді» қолдады деп айыптап, Катарға эмбарго қойған. Екі апта бұрын аталған елдер эмбаргоның күшін жою шарты ретінде 13 баптан тұратын талап тізімін жариялаған. Талаптың арасында Катардағы Түрік базасының жабылыбуы,  Әл-Жазира телеарнасының эфирін тоқтату, Иранмен қатынасын әлсірету, Йемендегі бүлікшілерді қолдауды тоқтату сияқты шарттар бар.  

Доһа бұл талаптардың негізсіз екенін, өздерінің қалыпты қарым-қатынас орнату үшін диалогқа әзір екенін айтқан. Айта кетсек, аталған жағдай соңғы 20 жылда шығанақта орын алған ең үлкен жағдай болып отыр. 

Қатысты Мақалалар