Миргүл Өмірзақова есімді Facebook қолданушысы Қазақстан мен Қырғыстан шекарасында ұзын сонар кезек пайда болғанын жазған. Желі қолданушысы көліктің шеті көрінбейтін фото жариялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Бүгін Қарқыра шекарасында ұзын кезек пайда болды. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Шекарашылар жетіспеді. Қазақстандықтар әдеттегідей барлығын жіті қарап жүр. Отбасы Есік көлге демалуға бара жатқаны айдан анық қой. Қырғызстан жағы тез өткізіп жатыр» деп жазды Миргүл Өмірзақова.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет