ОҚО тұрғыны өз баласын тұншықтырып өлтірмек болды

/uploads/thumbnail/20170710162415370_small.JPG

Оңтүстік Қазақстан облысындағы емханалардың бірінде 24 жастағы Тұрсыной есімді әйел өз баласын буындырып өлтірмек болды деп xабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып.

Тұрсыной бірнеше рет сот-медициналық сараптамадан өтіп, оның ақыл-есі орнында екені анықталды. Сотта әйел баласын дерт азабынан құтқару ниетімен ашу үстінде тұншықтырғанын алға тартқан. Себебі баласы ауыр дертке шалдыққан екен

Алайда сараптама нәтижесі әйелдің өз ісіне есеп беретіндей күйде болғанын көрсетті. Абырой болғанда, балақайды емхана дәрігерлері анасынан құтқарып үлгерген.

"Сот әйелді өз ісіне есеп бере алады деп тауып, жаза тағайындады", - дейді прокурор Қанат Жүнісов.

Әйел 11 жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

 

Қатысты Мақалалар