Алматыда қалаға қосылған елді мекендердегі тұрғындарды, соның ішінде таулы жерлерде тұратындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 10 шілдеден бастап жаңа автобустардың бағыттары ашылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл маңызды істі жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет есебінен түрлі жолмен жүруге бейімделген Евро-4 экологиялық стандарттағы 45 дизельді автобустар алынған еді.
Жаңа бағыттар тұрғындар мен әкімдіктерден түскен өтінімдер негізінде жасалды. Бүгінгі күнге дейін қажетті жылжымалы составтың жоқтығы салдарынан жоғарыда аталған бағыттарға көлік қатынамайтын.
Биылғы жылдың 10 шілдесінен бастап «Алматыэлектротранс» ЖШС мына бағыттар бойынша көлік қозғалысын қамтамасыз етеді: № 26 (Таужолы – Қалқамандағы №7емхана), № 40 (Жұмысшылар поселкесі – Мақатаев көшесі), № 125 (Көкжиек - «Армада» сауда үйі). 17шілдеден бастап мына бағыттар бойынша автобустар жүре бастайды: №14 (Қарағайлы - «Барыс-3» базары), № 15 (Алатау совхозы - «Алтын Орда» базары) бағытында автобустар жүре бастайды. Құжаттарды дайындау жөніндегі барлық іс-шара біткен соң 1 тамыздан бастап №28 (Орбита 2,4 - ГЭС 2), №68 (Әл-Фараби даңғылы - Ремизовка саяжайлары) бағыттар бойынша автобустар қатынайтын болады», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
«Алматыэлектротранс» ЖШС-нің коммуналды кәсіпорнына ЛИАЗ маркалы 15 автобус берілді. 9,5 метрлі төмен еденді бұл автобустар Евро-5 экологиялық стандартына сай, кондиционерлермен, мүгедектер үшін арнайы көтергіштермен жабдықталған. Құжаттарды дайындау жөніндегі барлық іс-шара біткен соң олар 1 тамыздан бастап мына бағыттар бойынша жолға шығады: №28 (.Орбита 2,4 – ГЭС 2), №68 (Әл- Фараби даңғылы – Ремизовка саяжайлары).
Сонымен қатар, қала бағыттарындағы жылжымалы составты жаңарту мақсатында жыл аяғына дейін 300 заманауи жаңа автобустар алу үшін Алматы әкімдігі 11,5 млрд. теңге бөлді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет