Вашингтон Гамбургте өтетін «Үлкен жиырмалықтың» саммиті алдында Бейжіңнің тамырын басып көрді. Американың екі B-1B бомбалаушы ұшағы Оңтүстік-Қытай теңізі үстінен ұшып өтті деп жазады Qamshy.kz. Онда Қытай өзіне тиесілі деп санайтын даулы арал Сиша орналасқан.
Сиша аралы – Парасель аралдарындағы Архипелаг. Олар Қытайдың Хайнань аралынан оңтүстікке қарай 230 км қашықтықта, Вьетнамның Лишон аралынан шығысқа 200 км аумақта орналасқан. Пентагон бомбалаушы ұшақтың ұшуы аталған өңірдің әуе кеңістігі халықаралық деңгейде пайдалануға ашық екенін дәлелдеу үшін жасалды деп мәлімдеген.
Бұған дейін Бейжің АҚШ-ты эскадрондық минатасығыш кемесі даулы аралдарға кіргені үшін өзінің егемендігі мен халықаралық құқықты бұзды деп айыптаған еді.
Қытай АҚШ-ты бұндай іс қимылды тоқтатуға шақырып, өзінің тұтастығы құрметтеуді, қауіпсіздікке нұқсан келтірмеуді талап кеткен. Бұндай ресми ескертуді Қытай СІМ өкілі Лу Кан жасаған. Ол өз сөзінде Қытайдың өзінің қауіпсіздігін қорғау мен тұтастығын сақтауда барлық қажетті шараларды жасай алатынын қатаң ескерткен.