Жер мәселесінде биік пен халық арасындағы қарым-қатынас тек сотпен реттеледі. Бүгін «Қала ДНК-сі: Қоғамдастық. Бизнес. Билік» бірінші урбанистік форумында елорда әкімі Әсет Исекешев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Форум барысында қала басшысынан сүрілген ескі үйлердің қожайындарына берілетін сома неге әртүрлі екендігін сұраған болатын.
«Заңға сәйкес кадастрлық құны беріледі. Одан кейін сотқа беріп, сот соманы түзетеді де мемлекет үстемесін өтейді. Мұнан өзге де мысалдар жетеді. Инвестор базар салды. Ол үшін 6-7 үй сүріліп, қожайындары өтемақыларын алды. Тек бір үй қалып қойды. Оның қожайыны мүлкінің шарты түрде 3 млн доллар тұратындығын айтып, отырып алды. Содан ол үй базар алаңының ортасында қалып қойды», - деді қала басшысы.
Оның айтуынша, жер мәселесінде биік пен халық арасындағы қарым-қатынас тек сотпен реттеледі.
«Қала жылдам өскен кезде, жолдар салынғанда қажеттілік үшін саяжай үйлері сот билігі арқылы да сатып алынады. Онан басқа жолы жоқ. Мәселен, жаңа вокзал салынды, оған жол қажет. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? Жалғыз жол сатып алу, ал дауларды сот органдары арқылы шешу», - деді Ә.Исекешев.