Жолсерік аптап ыстықтан клиникалық өлімге түскен баланың өмірін құтқарып қалды

/uploads/thumbnail/20170710162429623_small.JPG

3 шілдеде аптап ыстықтан жағдайы нашарлаған баланы Фатима Хаизулланы құтқарып қалған. Жолсерік бұл жағдайдың қалай болғанын баяндап берді деп xабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

3 шілде күні Алтынай Рамбаева әдеттегідей жұмысқа шықты. Астраханнан Маңғыстауға бет алған жолаушыларға жолсерік болған ол Мақат стансасына дейін барлығы ойдағыдай болды дейді. Аталған стансаға келіп жеткен кезде жолаушылардың бірі купеде сәбидің шетінеп кеткенін хабарлаған.

«Мақаттан өткеннен кейін екінші купедегі әйел жүгіріп келіп сәбидің көз жұмғанын, ал анасының жылап отырғанын хабарлады. Жүгіріп келіп, нәрестенің ес-түссіз жатқанын көрдім. Тыныс алуын, жүрек қағысын тексердім… Бала көк-көмбек болып кеткен. Сосын қызды өзімнің қызметтік бөлмеме алып кетіп, оның қайта тыныс алуы үшін барымды салдым», – дейді Алтынай Рамбаева.

Жолсерік 9 айлық Фатимаға су шашып, арқасы мен құйрығынан қаққан.

«Сол сәтте ештеңеден қорықпадым. Құдды ішімде бір күш пайда болғандай, қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Өзімнің екі қызым бар, сондықтан бұл қыздың өмір сүргенін қатты қаладым. Ал 40 минуттан кейін есін жиған кезде қуаныштан жылап жібердім де: “Өмір сүр, қанеки, өмір сүр”, – деп айқайлай бердім. Содан Құлсары стансасына жеткенше бірнеше жаттығу жасадым. Одан кейін қыз тыныс алып, жылай бастады. Бақытымда шек болған жоқ», – деп бөлісті Алтынай Рамбаева.

Ал Құлсарыға жеткеннен кейін кішкентай Фатима мен оның анасы Арай Жалиева ауруханаға жеткізілді.

Шолушы: Ақнұр Мұхтархан

Қатысты Мақалалар