Американың барлау қызметі 2016 жылғы президенттік сайлаудан кейін АҚШ-та ресейлік шпиондар артты деп есептейді. Мұндай тұжырымдама CNN телеарнасында жарияланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Телеарнаның мәліметінше, АҚШ-тағы Ресейдің 150 шипоны бар екені белгілі. АҚШ 2016 жылдың желтоқсан айында 35 ресейлік диломатты елден шығарғаннан кейін ресейлік барлау тобы өз жансыздарының санын көбейткен.
АҚШ-тың Орталық барлау қызметінің бұрынғы басшысы Стив Холл ресейлік шпиондардың мақсаты АҚШ президенті Дональд Трамп туралы «қызықты» деректер жинау екенін айтады.
Естеріңізге салайық, өткен жылдың соңында 72 сағаттың ішінде 35 ресейлік дипломат АҚШ-тан шығарылған.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет