Америкалық штаттардың бірі Мичиганда 48 жастағы Шеоои Рихтер өзінің 11 жастағы ұлын көліктің жүк салғышына қамап, өртеп жіберген. Қлмыскер ананың айтуы бойынша ұлы өте толық болғаны үшін жазалаған екен. The Sun газетіннің мәліметі бойынша америкалық әйел өз ұлын жүк салғышқа салып, кейін бензин арқылы көлікті өртеп жіберіпті.
Біраз уақыттан кейін жанұшыра айқайлаған баланың дауысын естіген бейтаныс адам көмек көрсеткен. Сосын полиция қызметкерлеріне болған оқиғаны да баяндап берген.
Қазіргі кезде Шерри Рихтердің қылмысына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал оның ұлы аман қалыпты.
Шолушы: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру