Астанада балабақша ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Қамшы ақпаратттық агенттігі Tegrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып. Астана қалалық ТЖД ақпараты бойынша, ғимарат бос тұр, онда адамдар жоқ.
Өрт шарпыған аумақ анықталып жатыр, ал зардап шеккендер туралы әлі ақпарат түскен жоқ.
«Жабылып қалған балабақша өртеніп жатыр, жұмыс істемейді. Қазіргі кезде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ғимаратта ешкім тұрмайды», - дейді ведомство өкілдері.
Шолушы: Әсел Болатқызы
;
Пікір қалдыру