АҚШ Ақ үйінің баспасөз хатшысы кеңсесі АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпинның G20 саммиті аясындағы кездесуі туралы комментарийнде Си Цзиньпинді Тайванның соңғы президенті деп көрсеткен. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Таратып айтар болсақ, құжатта Си Цзиньпин «Қытай президенті» деп көрсетілген. Аталған атау ішінара елдер мойындаған Тайвань республикасының атауы болып табылады.
Қытайдың ресми атауы болса — Қытай халық республикасы (ҚХР).
Бұған дейін Трамп Қытаймен арасын ушықтырмау үшін Тайвань басшысы Цай Инвэньмен кездесуден бас тартқан еді.
Синьхуа агенттігінің жазуынша, G20 саммиті аясында кездескен екі алпауыт елдің басшылары Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасы туралы сөйлескен. Олар «бейбіт қысым» жасау арқылы мәмілеге келу қажет екенін айтқан.
Айта кетер болсақ, Тайваньді АҚШ, Жапония сияқты елдер жеке мемлекет ретінде мойындаса, Қытай өз территориясы деп санайды. Қазақстанның Тайваньмен дипломатиялық байланысы жоқ.
Пікір қалдыру