МОНҒОЛИЯНЫҢ БЕСІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ПАРТИЯ ӨКІЛІ САЙЛАНДЫ

/uploads/thumbnail/20170716220303343_small.jpg

Монғолия орталық сайлау комитеті жетекшісі Чойнзонгийн Содномцэрэн оппозициялық Демократиялық партиядан сайлауға түскен Халтмаагийн Баттулга президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіп, ресми президент болғанын мәлімдеді.

Содномцэрэннің мәлімдемесіне сай, Баттулга 611 мың 226 дауыс (50,61%) жинап, елдің бесінші президенті болып сайланды.

Санақ бойынша 100% сайлаушының 60,67%-ы дауыс берген. Олар 1 млн 207 мың. 787 адамды құрайды.

Баттулдың басты қарсыласы — қазіргі биліктегі Монғол халық партиясының өкілі, Парламент спикері  Миеэгомбын Энхболд болған. Ол —497 мың. 067 сайлаушының қолдауына ие болды (41,16%).

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар