Зүлфия Ғабидуллина әлемдік рекорд орнатты

/uploads/thumbnail/20170716220340069_small.jpg

Қазақстандық жүзуші Зүлфия Ғабидуллина Берлинде өтіп жатқан ашық чемпионатта әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы 200 метрлік қашықтықты еркін стильмен жүзіп өтіп, жарыста көш бастады. Бұл жеңісін ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады. Өткен 2 күнде Зүлфия 200 және 100 метрлік дистанцияларда алтын медальге қол жеткізді. Қарағандылық Наталья Звягинцева да сайыс барысында жақсы нәтиже көрсетті. Ол 200 метрде еркін стильмен қола, ал 100 метрде күміс медаль алды.

Ерлер арасында Әнуар Ахметов, Ержан Сәлімгереев пен Шахан Жолдасбаев 100 метрлік дистанцияларды өтіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар