«Заң керуені» жобасы: Абай облысында құқықтық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

/uploads/thumbnail/20260731173111135_big.webp Фото: gov.kz

Абай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Заң керуені» жобасы бұл жолы Абай ауданына барды. Жоба аясында Қарауыл және Кегірбай би ауылдарында тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, азаматтарға құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесулерге құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелер мен салалық қызметтердің өкілдері қатысып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер бойынша кеңес берді. Ашық форматта өткен қабылдаулар барысында ауыл тұрғындары өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптары мен мемлекеттік қызметтерге қатысты нақты жауаптар алды.

«Заң керуені» жобасы халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтіп, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және шалғай елді мекен тұрғындарына қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге бағытталған маңызды бастама ретінде өз жұмысын жалғастыруда.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар