БАҚ: Қазақстандықтар Әзірбайжан жағына шығып, соғысқа аттанбақ

/uploads/thumbnail/20170716220741228_small.jpeg

Кезекті таулы Қарабахтағы соғыстың салдарынан қаза тапқан әзірбайжандық кемпір мен оның кішкентай немересі қазақстандықтарды бейжай қалдыра алмады. Қазақ азаматтары Әзірбайжанның жағына шығып, оларға қолдау көрсетуге бел байлады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі haqqin.az сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың сәуір айында қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы бауырлас елге қолдау көрсетіп қана қоймай, кейбір қазақтар Бакуге болысып, өз еркімен соғысқа аттану үшін отандастарды Әзірбайжан елшілігіне баруға шақырған болатын. Армениялықтар «ҰҚШҰ аясында Ереванның одақтасына» ашулы түрде жауап беріп, тіпті,  Үкіметті шақырып, Қазақстан елшісін қуып жіберуге шақырған.

Алайда, Қазақстан билігі бауырлас елдегі көптеген адамдардың өліміне себепші болып отырған қақтығыстарға алаңдаушылық білідіріп, олардың бейбіт жолмен шешілуін қалайды. Бұл жайында бірнеше отандық саясаткерлер мен сарапшылардың пікірін ұсынамыз.

«Қазақстан қоғамы Әзірбайжанның жағына шығып отыр. Мұны байқау қиын емес. Мұның бірінші себебі: мәдени және тілдік жағынан туыстық жақындық болып табылады. Әрине, әлемдік саясат мәселесінде кез келген елдің ұстанымына ұлттық мүдделерге қатысты прагматикалық көзқарастар әсер етеді. Алайда, қарабах мәселесінде Қазақстан билігінің қызметтік жағдайын дамытуда қоғамдық көңіл-күй маңызды рөл атқарады. Яғни, бұл орайда, Астананың ресми ұстанымы Қазақстан қоғамындағы көңіл-күймен бірдей болып отыр. Ал кішкентай бала қаза тапқан соңғы атыстан соң Қазақстан ІІМ өзінің ұстанымын растады», - дейді саясаткер Сұлтанбек Сұлтанғалиев.

Әзірбайжан ауылдарының бірінде соңғы болған қақтығыстан кейін Қазақстанның ІІМ «Астана таулы Қарабахтағы қақтығыстар мен жарылыстарға алаңдаушылық білдіріп отырғандығын» мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы таулы Қарабах қақтығысында ымыралы шешім іздеу процесін қолдайды және де аталмыш мәселені түбегейлі шешіп, қақтығыстарды тоқтату үшін мүдделі тараптардың сындарлы көзқарас білдіретіндігіне үмітті», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және де ҰҚШҰ мүшесі ретінде Қазақстанның ұстанымы өзгерген жоқ. Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу – екі елге де пайда алып келеді», - деп хабарланды ҚР ішкі саясат ведомствосында.

«Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік шарт ұйымындағы міндеттемелерде Армениямен өзара тығыз байланысты болғанымен, аталмыш келісімшартта тек ұйым мүшелерінің бірі шетелге тікелей агрессия білдірсе ғана араласуына болатындығын көрсеткен. Егер де, қақтығыс «Таулы Қарабах Республикасының» аумағында болмаса, оны Арменияға тікелей жасалған қастандық ретінде түсіндіре алмаймыз. Бұл ретте, әңгіме басқаша болады: қақтығыс өзге елге жасалған деген түсінік туындайды», - дейі саясаткер Талғат Қалиев.

Сонымен қатар, Қалиевтің айтуынша, Қазақстан билігі Армения ЕАЭО-ға мүшелікке кірген кезінде, Таулы Қарабахты оның құрамынан шығарып жіберуді талап еткен.

«Сол себепті де біз Таулы Қарабахты Арменияның иелігіндегі жер деп қарастыра алмаймыз. Кезекті қақтығысқа ҰҚШҰ күштерін жеткізуге тырысқан жағдайда, мандат Қазақстаннан Арменияның жағына шығуды талап етіп отыр деп айта алмаймыз», - дейді саясаткер.

Талғат Қалиевтің айтуынша, көптеген қазақ азаматтары Қарабахтағы қақтығысқа қатысты бауырлас елдің ауыртпалығын бірге көтеруге ниетті.

«Сонымен қатар, Қазақстанды Әзірбайжан жағында соғысқа қатысуға ерікті топтар бар екендігі рас. Алайда, заңсыз қарулы топтар мен баскесерлердің қатарында болып, соғысқа аттану біздің елімізде заңмен қудаланатынын естен шығармау керек», - дейді сарапшы.

Дайындаған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар