Өзбекстанда адам психологиясына әсер ететін фильмдерді көрсетуге тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170716220740116_small.jpg

Өзбекстан билігі адам психологиясына кері әсерін тигізетін фильмдерді көрсетуге тыйым салды. Яғни, бүгінде «18+» деген белгісі бар қорқынышты фильмдер мен халықтың ойын бұзатын сексуалдық сценасы бар фильмдер.

Өзбекстан Зияткерлік меншік агенттігі 12 шілде күні мемлекетте көрсетуге тыйым салынған фильмдер тізімін анықтады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ақпарат және бұқаралық байланыс саласындағы сарапшылардың талдауы нәтижесінде тізім 2017 жылдың 30 мамырында №2 хаттамаға сәйкес нақтыланды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, тізімге енген фильмдердің мазмұны төмендегідей: «зорлық әрекеттер, адамгершіліктен жұрдай сценалар, рақымшылықты білмейтін аяусыз рөлдер, алкоголь мен темекі сынды өнімдерді насихатайтын фильмдер, жеңілтек рөлдер, гомосексуализм, сексуалды қатынастар көрсетілген сценалар».

Аталмыш тізімге енген фильмдер мыналар: «Очень страшное кино», «Полтергейст», «Астрал», «Нация Z», «Обитель зла: Последняя глава», «Судная ночь 3» және тағы басқалары.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар