Италиялық инвесторлар Ақ Жайық өңіріне келмек

/uploads/thumbnail/20170716220828821_small.JPG

Шілденің 13-і күні Италияның Милан қаласында облыс әкімі Алтай Көлгінов бастаған батысқазақстандық делегацияның қатысуымен бизнес-форум өтті. Елбасының республикамызға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған форумға «ҚПО б. в.» компаниясының және  италиянқазақ сауда палатасының өкілдері қатысты. Бұл туралы Qamshy.kz Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Шараға  келген инжи­-не­рингпен, мұнайгаз саласына құрал-жаб­дық шығарумен айналысатын италияндық ірі компаниялардың бас­шыларына Батыс Қазақстан об­лысы экономикасының негізгі салалары, инвестициялық әлеуе­ті, өңірді мұнайгаз кластеріне ба­ғытталған машина жасау орта­лығына айналдыру турасындағы іс-шаралары  таныстырылды.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйвері­не айналдыру қажеттілігін айтқан еді. Еліміздің басқа өңірлеріндегі секілді бізде де бұл сала жақсы дамыған. Табиғи, экологиялық та­за өнімдерді шығаруға мүмкіндік мол. Сөйтіп, еліміздің батыс аймағының агроөнеркәсіп өнімде­ріне деген сұранысын толығы­мен қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар ЕАЭО мен ЕО елдеріне де азық-түлік экспортының кө­лемі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл бағытта шетелдік инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер қа­растырылғанын да айта кеткім ке­леді. Сол себепті италияндық кә­сіп­керлерді осы салаға инвестиция салуға шақырамын. Жалпы, шетелдік компаниялардың об­лы­сымызға инвестиция салуға қы­зы­ғушылығы зор. Оған кабельді-сым­ды өнімдер шығарумен айна­лысатын кәсіпорын, жылыжай шаруашылығының құрылысы, за­ман талабына сай келетін жаңа қо­нақүй салу жобалары мысал бола алады. Ресейдің бес бірдей губерниясымен шектесетін және же­дел қарқынмен дамып келе жат­қан облысымызда басқа да түрлі жобалар бар.

Бүгінгі шараны пайдаланып, сіз­­дерді және сіздер арқылы өзге де италияндық кәсіпкерлерді Ел­ор­дамызда өтіп жатқан «ЭКСПО –2017» көрмесін тамашалауға ша­қы­рамын. Сонымен бірге Орал қа­ласында дәстүрлі түрде өтетін «WestKazInvest – 2017» форумынада шақырғым келеді. Онда шетел­дік қонақтарға отандық кәсіпкерлермен кездесіп, өзара пікір алмасу, жаңа өнім түрлерін шы­ғару, бірлескен кәсіпорын құру турасында келісіммен уағдаластық жүргізуге барлық жағдай жасалады, – деді Алтай Сейдірұлы.

Жиын барысында өңіріміздегі индустриалды аймақты дамыту­ға италияндықтар  да өз үлестерін қоса алатындары айтылды. «ҚПО  б. в.» компаниясының қатысуымен жүзеге асырып жатқан жобаның өңірді мұнайгаз кластеріне бағыт­талған машина жасау орталығына айналдыруға қосар үлесі зор.

Форумнан соң облыс әкімі ита­лияндық компания басшыларымен жеке кездесті. Соның нәтижесінде ірі инвесторлар облыстың бизнес әлеуетімен жан-жақты танысу үшін Ақ Жайық өңіріне арна­йы  баратындарын  жеткізді.

Айта кету керек, 2016-2017 жылдары облыс әкімдігінің қолдауы­мен мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында отандық өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңа кәсіпорындар ашылуда. Олар­дың ішінен Орал трансформатор зауыты базасындағы әлем­ге танымал «АВВ» маркасындағы электр­қалқан құрылғыларының, «Конденсат» АҚ базасында эко­ло­гиялық класты «Еуро-5» мотор майының және Орал сауда-өнер­кәсіп компаниясы өндірістік цехтарын жаңғыртып, жетекші неміс технологиясын қондырудың арқа­сында полимер құбырлар шыға­ру  өндірісін  айтуға  болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар