Миланда селфи таяқшасын ұстауға тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170716220830652_small.jpg

Милан билігі қоғамдық орындарда селфи таяқшаларын, сонымен қатар шыны ыдыстарды қолдануға тыйым салды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

 Жарлыққа сәйкес, шетелден келген туристерге, жергілікті тұрғындарға да «кез келген шыны бөтелкелерді, контейнерлерді, сондай-ақ отшашу және селфи таяқшаларын ұстап жүруге, оларды жерге қоюға» тыйым салынды. Тағы айта кететіні жылжымалы сауда мен көшеде тамақ  сатуға да рұқсат жоқ. Милан билігі мұндай қадамға қаланың тазалығын сақтау үшін барып отыр.Ақпарат құралдарының мәліметіне  сәйкес, бұл ереже 13 тамызға дейін енгізілген. Дегенмен шаһар әкімшілігі, қажет болған жағдайда, талап мерзімін ұзартуы мүмкін екендіктерін жоққа шығармайды.

Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар