Астанадағы «Highvill» тұрғын үй кешеніндегі өрттен Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің профессоры қаза тапқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЖОО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің профессоры Кехинде Илаиджа (Нигерия) мен оның отбасының (әйелі - Фунми Кехинде (Ұлыбритания) және екі қызы Моджойн Кехинде (18 жас) мен Грейс Кехинде (8 жас) қаза болғанын қайғымен хабарлаймыз», - делінген таралған хабарламада.
Университет өкілдерінің айтуынша, Кехинде Илайджа Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде 2016 жылдың маусымынан бері жұмыс істеген. Ол Ұлыбританиядағы Лестер университетінде медицина докторы дәрежесін алған және Нигерия, Оман, Кувейт және Ұлыбритания елдерінде медицина саласында 40 жылдан аса ғылыми-зерттеу мен мұғалім қызметін атқарған. Осы жылдар бойында ол жеті ғылыми-зерттеу грантының иегері болған. "Назарбаев Университетінің басшылығы мен ұжымы орны толмас қазаға байланысты профессордың туыстарына, достарына және жақындарына көңіл айтады", - делінген ЖОО хабарламасында.
Пікір қалдыру