Перудің экс-президенті мен оның әйелі қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20170716220836808_small.jpeg

Перуде бұрынғы президент пен оның әйелі бір жарым жылға қамауға алынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.  Ольянта Умала мен оның жары ақшаның ізін жасыру және жемқорлық дерегі бойынша айыпталып отыр. Тергеу мәліметіне сай, Умала мырза бразилиялық «Одебрехт» компаниясынан 3 миллион АҚШ долларын алып, оны сайлауалды науқанына жұмсаған. Ал әйелі басшылық еткен партияны осы бразилиялық компания мен Венесуэла үкіметі заңсыз қаржыландырған болуы мүмкін.

Алайда айыпталушылар мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Негізі тергеу амалдары аяқталғанша ерлі-зайыптыларды қамауға алу туралы прокурорлар сұраған. Себебі олардың елден қашып кетуінен күдіктенген.

Айта кеткен жөн, Ольянта Умала Перуді 2011-2016 жылдар аралығында басқарған.

Шолушы: Айгерім Таубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар