Хакер БАҚ-қа Ресей бойынша барлау қызметкерінің хаттарын жіберді

/uploads/thumbnail/20170716220841772_small.jpg

Foreign Policy басылымы Johnnie Walker есімді хакерден Ресейге қатысты барлау қызметіне жауап беретін АҚШ Мемлекеттік департаментінің құпия бөлімінің жоғары лауазымды қызметкерінің электронды хаттарын жіберген деп хабарлайды Qаmshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш басылым хакердің хатты бірнеше жерге жібергенін айтады. Мәтінде автор хатты gmail серверінен алғаны жазылған.

Берілген хаттар 2 жылды қамтиды. Оның ішінде жекелері де бар. Сонымен қатар, шенеуніктің орталық барлау қызметкерімен және басқа да барлау қызметкерлерімен алмасқан хаттары, мемлекеттік емес ұйымдармен, халықаралық қорлармен жазысқан хаттары бар.

Foreign Policy-дің жазуынша, Мемлекеттік департаменттің 2017 жылғы мәліметіне сай, шенеунік барлау басқармасында және зерттеу бөлімінде жоғары лауазымды иеленеді. Алайда басылым оның аты-жөнін ведомстваның өтінішімен және қауіпсіздік үшін құпияда сақтап отыр.

Сарапшылар журналистерге, хакер Ресей бойынша барлау қызметінің ең жоғары лауазымды қызметкерінің жазған хаттарын бұзып кіруі мүмкін екенін айтады. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар