Германияның екі азаматы көз жұмды, 4 адам жараланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақапарат агенттігі Ассошиэйтед агенттігіне сілтеме жасап. Мысырдың Хургада қаласында белгісіз ер адам жағажайда туристерге пышақпен шабуыл жасаған.
Шабуыл жөнінде Мысырдың ІІМ хабарлады. Жараланғандардың ішінде Чехия, Сербия, Польша азаматтары бар.
20 жастағы шабуылдаушы қара қысқа жейде және көк джинсы киген. Ол жергілікті тұрғындарға емес туристерге ғана шабуылдаған.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру