«Астана арландары» екінші жеңіске қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz.
Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» командалары арасында Бүкіл әлемдік бокс сериясы WSB жобасының VII маусымның финалдық жекпе-жегі өтіп жатыр.
56 келі салмақтағы Ілияс Сүлейменов қарсыласы ХавьерИбаньесті 48:47. 48:47. 48:47 ұпай санымен жеңді.
Бәсекенің алғашқы ойнында Йоханус Аргилагоспен қолғап түйістірген Теміртас Жүсупов 5 раундтық бәсекеде ұпай санымен қарсыласынан басым түскен болатын.
Қазақ жұрты көз тіккен айтулы додада ел намысын қорғайтын келесі жекпе-жекте
52 келі, Олжас Сәттібаев – Йосбани Вейтиа
60 келі, Зәкир Сафиуллин – Лазаро Альварес
64 келі, Ділмұрат Мижитов – Энди Круз
69 келі, Асланбек Шымбергенов – Роньель Иглесиас
75 келі, Әбілхан Аманқұл – Арен Лопес
81 келі, Арман Рысбек – Хулио Ла Крус
91 келі, Антон Пинчук – Эрисланди Савон
91 келіден жоғары, Олжас Бұқаев – Йоандри Тоирак
Нұрсұлтан Аманжолв резервте шығады.
Айта кетсек, Qamshy.kz тілшісі жаттығу залына жиі барып, «Астана арландарының» тартысты жекпе-жекке дайындығын бақылаған болатын. Сондай-ақ, «Астана Арландарының» бас бапкері Нұрлан Ақүрпековтің ақтық айқасқа дайындығы туралы сұхбат жарияланған еді.
Бір айта кетерлігі кубалықтар бұл финалға кілең Олимпиада, Әлем чемпиондарын, тек қана бірінші номерлі боксшыларын әкелген. Ал «Астана Арландары» командасы екінші, үшінші, төртінші номерлі боксшылардан құралса да Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Англия сияқты елдердің тек қана бірінші номерлі боксшыларын жеңіп, финалға жеткен.
Кәсіпқой бокста қазақтың туын жедбіретіп жүрген жігіттер Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев және Асхат Уалиханов Бүкіләлемдік бокс сериясының WSB жобасы бойынша финалға шыққан «Astana Arlans» боксшыларына сәттілік тілеген еді.
Пікір қалдыру