Орталықтың жұмысы өтініштер мен шағымдарды қабылдауға, өтінімдерді, қылмыстық, əкімшілік және азаматтық істерді (оның ішінде жауаптардың көшірмесін беру) қарау туралы мәлімет беруге, тұрғын-үй құрылысында үлескерлік қатысу саласындағы қолданыстағы Заңнаманы түсіндіруге бағытталған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-Елордада прокуратураның бастамасымен үлескерлерді қолдау орталығын құру ұсынылуда. Ол Астана қаласы, Сейфуллин көшесінің басындағы ХҚКО ғимаратында орналасады. Енді азаматтар мемлекеттік органдардың əкімшілік ғимараттарында кезек күтіп тұрмайды. Барлығы бір жерде - бір терезе қағидасы бойынша болады" - деп хабарлады Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Ринат Əтембеков.
Үлескерлік құрылыс сұрақтары бойынша барлық азаматтарды Астана қаласы əкімдігінің қызметкерлері қабылдайды.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН