Байкалға, Ольхон аралы маңына құлаған ұшақтағы туристердің мас болғаны анықталды деп жазады ҚазАқпарат. Олар жеңіл моторлы ұшақпен рұқсатсыз сапарға шыққан және бірден суға құлаған. Сондай-ақ оқыс оқиғаға ұрынған саяхаттаушылар дәрігерлерден сытылып кетпек болған. Екеуі қашып үлгерген, қалғандары ауруханаларға жеткізілді. Таңқаларлығы, олар аса ауыр жарақат алмаған.