«Тасбауыр» дәрігер

/uploads/thumbnail/20170721144502474_small.jpg
Кез келгеннің санасына ой тастайтын оқиға Вконтакте желісінен алынды.
Бір жас келіншек дәрігерге келіп: 

– Сізден көмек сұрап келдім. Менің аяғым ауыр. Ал балам бір жасқа да толған жоқ. Өзіміз жас отбасымыз, бұл баланы туар болсам, екеуін бірдей қалай асыраймыз деп уайымдаймын. Сондықтан аборт жасатсам деп едім…- дейді. Дәрігер: 

– Менде жақсы бір ой бар. Аборт жасатсаң денсаулығыңа зиян келтіретініңді білесің ғой иә? Оның үстіне аборттан соң мүлде балалы бола алмауың мүмкін. Ақыры көмек сұрап келген екенсің, былай істейік. Ең дұрысы – бір жасқа толмаған балаңды өлтір… немесе…бір жерге тастап кет… әйтеуір құтыл. Ал іштегі балаңды ту. Сонда денсаулығыңа да зиян келмейді, екі баланы бірдей қалай асыраймын демейсің…деп жатыр еді келіншек шошып кетіп: 

– Сіз не айтып тұрсыз? Балаңды өлтір дегеніңіз не? Өз баламды қалай өлтірмекпін? Неткен тасбауыр едіңіз! – дейді. Сонда дәрігер: 

– Құрсағыңдағы баланы өлтір деген өзің емес пе? Көмек сұрап келген соң бар болғаны дұрыс шешімді ғана айттым. Өз балаңды асырай алмаймын деп қорыққаннан өмірін қию – кешірілмес күнә, үлкен қылмыс. Ондай ақымақтыққа ешуақытта барушы болма, – деп жауап береді.
 

Қатысты Мақалалар