Мексика астанасы Мехикода орын алған жаппай тәртіпсіздіктер есірткі тасымалдаумен айналысатын топ басшысының қаза табуына байланысты орын алған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости-ге сілтеме беріп. Ол полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Осыдан кейін қылмыстық ұйымға қарасты мото таксилер көше қозғалысына кедергі келтіруге тырысып, жолдың ортасында жүк көліктеріне от қойған. Тіпті тәртіп сақшыларымен атысты деген дерек те бар. Ал қаза тапқан қылмыскер Латын америкасында есірткі тасымалдаумен айналысатын ең жас топты басқарған.
Қазір шаһарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, балабақшалар мен мектептердің жұмысы уақытша тоқтатылды.