Сирияның Идлиб қаласында жойқын жарылыс орын алды

    Nazerke Labihan
    Сирияның Идлиб қаласында жойқын жарылыс орын алды

    Жарылғыш зат толтырылған көлік Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб аймағында орталығында жарылды. Салдарынан әскерилермен қоса 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Аль-Маядин арнасына сілтеме жасап.

    Деректерге сәйкес, жарылған көлік «Джебхат ан-Нусра» аталатын террористік топқа тиесілі болған.

    Арабиялық БАҚ мәліметтерінде көрсетілгендей, Идлиб қаласы «Ахрар аш-Шам» террористерімен болған соңғы қарқында күрестен соң «Джебхат ан-Нусра» тобының бақылауына көшкен болатын.

    Өткен аптаның жұмасында Рейтер агенттігі «Ахрар аш-Шам» және «Джебхат ан-Нусра» террорлық топтардың Идлиб ауданында өзара қарулы қақтығыстарды доғаруға дайындық жүргізіп жатқандығын хабарлаған болатын.

    «Ахрар аш-Шам» - негізгі базасы Идлиб аймағында орналасқан Сириядағы ең ірі террорлық топтардың бірі.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025