3 тамыз бейсенбі күні Алматыда Mitsubishi Pajero маркалы жеңіл автокөлік жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп.
Райымбек даңғылымен Тұрғұт Озал көшесіне жетпей келе жатқан Mitsubishi Outlander жеңіл автокөлігі жолдан өтпекші болған әйелге жол беріп тұрғанда жоғары жылдамдықта келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі бірінші көлікке соғылып әйелді қағып кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелді ауыр жағдайда ауруханаға алып кетті.
Пікір қалдыру