Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауды сұрайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көптеген ата-ана балалары үшін ашық терезе өлім қауіп-қатерін төндіруі мүмкін екендігін ұмытып кетеді.
"Әдетте көптеген жағдайларда балалар әртүрлі заттарды пайдалана отырып, өз бетінше терезе алды тақтайына шығады, москитті торға сүйене отырып, терезеден онымен бірге құлап кеткен. Сондай-ақ, көбінесе құлаудың себебі ересектер балалардың жүріс-тұрысын қадағаламауынан, туыстары мен жақындарының алаңдамауы, терезені жабуды ұмытып кету, жиһазды дұрыс орналастырмау, бұл балалардың өз бетінше терезе шығуына мүмкіндік береді және ол жабық терезесін туғыздыратын москитті тордың болуына байланысты",– деп хабарлады Ақмола облыстық ТЖД өкілдері.
Биыл 2-тоқсанда республика бойынша терезеден адам құлаған 31 оқиға (барлығы балалар) болғанын атап өткен жөн. Соның салдарынан 7 бала қайтыс болып, 24 бала әр түрлі жарақатымен емдеу мекемелеріне жатқызылған.
Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын мүмкіндігінше сақтау туралы қала тұрғындары мен қонақтарын ескертеді.
"1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар; 2. Бала терезеге міне алмайтындай қылып, терезеден барлық жиhаз түрлерін жылжытыңыз; 3.Москитті торға сенбеңіз! Олар балаларды құлаудан қорғау үшін арналмаған, керісінше жалған қауіпсіз сезім қалдырады. Өте жиі балалар тормен бірге құлайды; 4. Мүмкіндігінше терезелерді төменгі жағынан емес, жоғары жағынан ашыңыз; 5. Терезелерге арнайы бекітпені орнатыңыз, олар балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді; 6. Егер Сіз балаға терезеден бір нәрсе көрсетсеңіз, баланы киімінен ұстамай, баланың жылдам қозғалысына дайын болып, оны әрқашан мықты ұстаңыз", – деп ескертті ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ, қауіп пайда болған кезде және құтқару қызметінің қажеттігі туралы маңызды ақпаратты хабарлау үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасына 112 телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұрайды.
Пікір қалдыру