Саакашвили Украинаға заңды түрде оралмақшы

/uploads/thumbnail/20170807130126894_small.jpg

Дүйсенбі күні Грузияның бұрынғы президенті Польшадан кетіп, «Еуропада саяхаттайды» деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Украинаға заңды түрде оралатынын мәлімдеді.

«Мен қазір заңды зерттеп жатырмын. Дайын болғанда қайтып барамын. Билік миллиондаған украиндықтың пікірімен санасуы қажет. Украина – еуропалық держава болғанын қалаймын және сол процестің бір бөлшегі болғым келеді», – деді Михаил Саакашвили Варшавада журналистермен өткен кездесуде.

Айта кетейік, Саакашвили ешқандай елдің шекарасына өте алмайды. Себебі, Киев оны азаматтықтан айырғаннан кейін құжаттарының күші жойылды. Алайда 4 тамызда ол Польшаға келді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар