Көптеген ата-аналар балалар үшін ашық терезе өлім қауіп-қатерін төндіруі мүмкін екендігін ұмытып кетеді. Жыл сайын биіктен құлаудан көп балалар өледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар комитетінің сайтына сілтеме жасап.
Әдетте көптеген жағдайларда балалар әртүрлі заттарды пайдалана отырып, өз бетінше терезе алды тақтайына шығады, москитті торға сүйене отырып, терезеден онымен бірге құлап кеткен. Сондай-ақ, көбінесе құлаудың себебі ересектер балалардың жүріс-тұрысын қадағаламауынан, туыстары мен жақындарының алаңдамауы, терезені жабуды ұмытып кету, жиһазды дұрыс орналастырмау, бұл балалардың өз бетінше терезеге шығуына мүмкіндік береді және ол жабық терезе елесін туғыздыратын москитті тордың болуына байланысты.
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында республика бойынша терезеден адам құлаған 31 оқиға (барлығы балалар) болғанын атап өткен жөн, соның салдарынан 7 бала қайтыс болып, 24 әртүрлі жарақатымен емдеу мекемелеріне жатқызылған.
Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын мүмкіндігінше сақтау туралы қала тұрғындары мен қонақтарын ескертеді.
1. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;
2. Бала шыға алмайтындай қылып, терезеден барлық жиhаз түрлерін жылжытыңыз;
3. Москитті торға сенбеңіз! Олар балаларды құлаудан қорғау үшін арналмаған, керісінше жалған қауіпсіз сезім қалдырады. Өте жиі балалар тормен бірге құлайды;
4. Мүмкіндігінше терезелерді төменгі жағынан емес, жоғары жағынан ашыңыз;
5. Терезелерге арнайы бекітпені орнатыңыз, олар балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді;
6. Егер сіз балаға терезеден бір нәрсе көрсетсеңіз, баланы киімінен ұстамай, баланың жылдам қозғалысына дайын болып, оны әрқашан мықты ұстаңыз;
Қауіп пайда болған кезде және құтқару қызметінің қажеттігі туралы маңызды ақпаратты хабарлау үшін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасына 112 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыздар.
Пікір қалдыру