Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты өз-өзіне қол жұмсады

    Aknur Mukhtarkhan
    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты өз-өзіне қол жұмсады

    Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев баяндап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  centralasian.org-ке сілтеме жасай отырып.

    56 жастағы депутаттың өлі денесі 5 - тамыз күні өз үйінен табылған. Қайрат Терлікбаев қоштасу хатын қалдырмаған. Депутаттың денесі Меркі ауылындағы медициналық тексеруге жіберілді.

    Қайрат Терлікбаев көзі тірісінде «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның рельс дәнекерлейтін кәсіпорындарының бірін басқарған.

    Қазіргі таңда бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, «Өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025