Педофилдерге арналған бала кейпіндегі секс-қуыршақтар сатылымға шықты

/uploads/thumbnail/20170807153851073_small.jpg

Қоғамда әлі күнге дейін бір шешімі табылмай келе жатқан, ушығып тұрған мәселелердің бірі – педофилизм дерті. Күнделікті әлем бойынша бірнеше мыңдаған кішкентай бүлдіршіндер педофилизм дертіне шалдыққан адамдардың құрбанына айналуда. Бұл мәселенің шешімі табылған емес, тіпті, ол күннен-күнге өршу үстінде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әр 2 минут сайын әлемде бір бала сексуалды зорлықтың құрбаны болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселеге қатысты дәрігерлер, құқық қорғау органдары, психолог мамандар көптеген сақтық шараларын қатаң ұстанып, қазіргі таңда кішкентай бүлдіршіндерді бір сәтке де қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді. Сонымен қатар, кез келген орта жастан асқан жақын таныс немесе дос, отбасы мүшесі болсын, толығымен сенім білдіріп, күдікті адамдармен балаларды жалғыз қалдырмауды сұрайды. Себебі, мамандардың айтуынша, балалар көбінде отбасыларының жақын танысы немесе достары тарапынан зорлыққа ұшырап жатады екен.

Мамандар педофилдерді анықтаудың да бірнеше жолдарын нұсқап, адамдармен араласуда өте мұқият болу керектігін айтады. Педофилдер кішкентай балаларға өте әуес, ерекше жақын болып келеді екен.

Өздерінің құмарларын кішкентай балалар арқылы қандыратын қаныпезер қылмыскерлерді құрықтау, әдетте, болар іс болғаннан соң орын алып жатады. Оларды тұтқындағанмен, тым кеш болады.

Ал, әлеуметтік желіде таралған мынадай ақпаратты көріп, тіпті, жағамызды ұстадық: Ұлыбританияда кішкентай балалардың кейпінде жасалған секс-қуыршақтар сатыла бастапты. Ия, расымен де сұмдық жағдай. Педофилия дертінің алдын алудың орнына, керісінше, оны одан әрі өршітудің жолы екендігі анық. Ең сорақысы, өздерінің құмарын қандыру үшін кішкентай бүлдіршіндердің тағдырымен ойнап, арам пиғылдарын астыртын іске асыратындардың бұл қуыршаққа деген сұранысы тіптен көбейген.

Жергілікті БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, мұндай секс-қуыршақтар Ұлыбританияда кеңінен таралып, көп сұранысқа ие болған. Олардың бір данасы 1000 фунтқа бағаланады екен.

Британдық кеден қызметкерлері бір жылдың ішінде 123 қуыршақты тәркілеп, оларға тапсырыс берушілерді құрықтаған. Олардың қатарында бір ай бұрын абақтыға жабылған ер адам болған. Жыныстық мүшелері егжей-тегжейлі жасалған бұл қуыршақтарды психологиялық ауытқушылығы бар адамдар тапсырыс беріп, өздерінің түрлі қиялдарын сол арқылы іске асырады екен.

Белгілі болғандай, мұндай қуыршақтар Қытайда жасалып, Ұлыбританияға жеткізіледі екен және де ол елде мұндай қуыршақтарға деген сұраныс өте көп болып табылады. Британдық полиция қызметкерлері мұндай қуыршақтарға тапсырыс берген адамдарды тұтқындап, көптеген педофилдерді құрықтаған.

Қазіргі таңда Ұлыбритания билігі мұндай қуыршақтарды елге кіргізуге тыйым салып, мүлдем көзін құртудың жолдарын қарастырып жатыр.

Өздерінің оң-солын әлі танып үлгермеген кіп-кішкентай бүлдіршіндердің тағдырымен ойнап, олардың аппақ кіршіксіз өміріне дақ түсіретіндердің санын азайтып, қоғамдағы үлкен мәселенің алдын алу қажет. Педофилдерге арнайы кішкентай балалар кейпіндегі секс-қуыршақтардың шығуы – бұл дерттің әбден асқынғанын көрсеткендей. Мұндай арсыздықтың алдын алып, кішкентай бүлдіршіндеріміздің болашағын қорғау үшін әрқашан да өте сақ әрі мұқият болуымыз қажет.

Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар