Күрестен Еуропа чемпионы 20 жастағы Юрий Власконы белгісіздердің Байкал жағалауында Горячинск ауылының маңында өлтірген сәті видеоға түсіп қалған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kzсілтеме жасай отырып.
Басында Власко тойтарыс беріп, орнынан тұрайын дейді, алайда сұлап түседі.
29 шілдеде Власко демалып жүрген бір топ жігітпен жанжалдасқан. Төбелес шығып, спортшы кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған және басына кем дегенде жеті рет соққы тиген. Соның салдарынан ол қайтыс болды. Адам өлтіргендердің кім екені анықталды, олар қамауға алынды.
20 жастағы Власко халықаралық дәрежедегі спорт шебері болған, ол 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Жастар арасында екі рет Еуропа чемпионы атанды. Ресейлік және халықаралық жарыстарда талай мәрте жеңімпаз атанған.
Пікір қалдыру