Шешенстанның президенті болған Джохар Дудаев 1995 жылы «Взгляд» басылымына берген сұхбатында Ресейдің жоспарлары жайында бар шындықты жайып салған видеосы жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Дудаевтың айтуынша, Ресей билігі Шешенстандағы соғыстан кейін әскерін Қырымға алып кірмек болған.
«Ресейдің Шешенстанға деген көзқарасын өзгерту үшін Ресейдің өзі өзгеруі қажет. Ресей билігінің жоспары бүге-шүгесіне дейін ойласытырылған. Шешенстаннан соң Қырымға көз тігеді. Қырымды әлі талай қырғын күтіп тұр. Украинамен де қатығысады. Ресей құлдырамайынша, менмендіктен ешқашан бас тарпайды, жоспарларын жүзеге асырмай тыншымайды. Ресей – рэкетир. Екі ұғым бүгінде егіз секілді. Иранға ядролық технолоияны береміз деп бопсалап, ақша жасайды. Егер өркениетті ел мұны қаламаса, ақшасын береді», - дейді генерал.
Сондай-ақ, саясаткер Ресей жоспарының құрамына Эстония, Латвия, Литва,Қырғызстан және Қазақстанның да кіретінін айтып қалды.
Айта кетейік, алғашқы шешен соғысы 1994-1996 жылдары болды, Ресей мен Шешенстанның арасындағы екінші соғыс 1999-2000 жылдар аралығында өтті.
Джохар Дудаев – шешен жауынгері, мемлекеттік және саяси қайраткер, азаттық қозғалысының басшысы. 1991 жылдың 27 қыркүйегінде Шешенстан Республикасындағы Ичкерияның президенті атанды. Алайда Ресей билігі мемлекетті мойындамай, елде соғыс басталған. Ресейлік әскрелердің мәліметінше, соғыс барысында Дудаев өлтірілген.
Пікір қалдыру