Африка ғарышқа алғашқы жер серігін ұшырды

/uploads/thumbnail/20170807191259141_small.jpg

Халықаралық ғарыш әлеміне өзінің алғашқы жер серігін ұшырған Африка да қосылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жер орбитасынан ұшырылған алғашқы африкалық жер серік GhanaSat-1 деп аталады. Оны Ганадағы Кофоридуа қаласында орналасқан көп ұлтты университет инженерлері дайындап шығарды. Ірі жобаға ғалымдар 2 жыл уақытын сарп етті, ал жер серігін жасауға кеткен шығын – $50 000. Жер серік маусымда дайын болып, ғарыш орталығы NASA-ға жіберілген. Ал орбитаға шілде айында SpaceX компаниясы алып шықты.

«Біздің жер серігінің алдында екі маңызды тапсырма тұр. Біріншіден, ішкі камералар арқылы ол Гана жағалауларын бақылауға алады. Екіншіден, біз мұны ғылым саласына арнап отырмыз. Ғарыш барысында алынған ақпарат мектеп бағдарламасына енгізілмек», –  дейді  көп ұлтты Университеттің ұстазы Ричард Дамоа.

Орбитадан жіберілген жер серігінен сигнал түскендіктен ұстаздар процесстің сәтті өткеніне қуанышты. Айта кетерлігі, аталмыш жобаны жасау барысында мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетілмеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар