Оңтүстік Корея прокуратурасы Samsung компаниясының экс-президенті, басшысы Ли Чжэ Енді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Associated Press порталына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, Samsung мемлекеттің бұрынғы президентінің құрбысы Чхве Сун Сильмен байланысы бар компанияға 43,3 млрд. вон ($38 млн.) аударған.
Сотта прокурор аталмыш оқиғаның Оңтүстік Корея билігі мен ірі кәсіпорындары арасындағы «жайлы байланыстың» үлгісі екенін мәлімдеді.
Ли Чжэ Ен президенттің құрбысымен байланысы жоқ екенін айтып ақталған. Алайда компания шотына ірі көлемде қаржы аударылғанын жасырмады. Тек компания қоры президенттің құрбысымен байланысты екенін білмеген.
Айта кетейік, Samsung басшысы 2017 жылдың ақпанында тұтқындалды. 2016 жылдың қазанында шын мәнісінде мемлекетті 60 жастағы бақсы, «Енсеге» мистикалық сектасынның жақтаушысы Чхве Сун Силь басқарып отыр деген ақпар таралған. Сондай-ақ, қаржылық алаяқтық пен мемлекет саясатына араласты деген айыптар тағылды.
Пікір қалдыру