Корея Республикасының өкілдері бірнеше планшет ұрланғаны жайында хабар берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ұрланған гаджеттер туралы мәлімет қазақстандық сайттарда пайда болды.
Басылымдардың мәліметінше, келушілер павильонды аралап жүрген уақытта оларға планшеттер таратылады. Алайда, шығар кезде планшеттерді қайтару керек. Ал қазақстандықтар оны сый деп ойлап, құрылғыларды қайтармай кеткен.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде хабарланғандай, корей павильонының өкілдері мен комиссары ЭКСПО-дағы ұрлық жайлы ақпаратты растамай отыр.
«Павильон өкілдері, соның ішінде комиссар аталмыш ақпаратты растаған жоқ. Істі тергеу жұмыстары жүргізілетін болады. Алайда бұл дерексіз ақпарат, павильон өкілдері оны жоққа шығарып отыр», – деп хабарлады ұлттық компания Today.kz тілшісіне.
Пікір қалдыру