Мексикада атыс болып 10 адам қаза тапты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі El Sol de Mexico мәліметіне сүйеніп. Оқиғаның не себепті орын алғаны белгісіз.
Мексиканың Дуранго штатындағы Виборильяс қаласында полиция қызметкерлері қаруланған екі топтың бұзақыларын қолға түсірді. Белгілі болғандай, келеңсіз жағдай салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланған.
Әзірге қайтыс болғандар туралы нақты деректер хабарланған жоқ.
Пікір қалдыру