Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы барысында 2017-2020 жылдарға арналған Өнімді жұмыс және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің есебі қаралды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Сағадиев министрліктің Бағдарлама аясында еңбек нарығының талаптарын ескерумен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды іске асыруға жалпы үйлестіру мен мониторинг жүргізетінін баяндады. Мәселен, 2017 жыл мен 2021 жыл аралығында аталған бағыт бойынша Бағдарлама аясында 320,5 мың адам тартылатын болады.
Сонымен қатар, аймақтарда кадрлар даярлауға үміткерлер тізімін құратын 1844 мобильді топ құрылды. 586 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларын (сервис және қызмет көрсету, техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы) даярлау үшін 317 білім беру ұйымымен 271 басымдықты мамандықтан тұратын тізім анықталды.
Пікір қалдыру