Қытайдың Шаңдұң аймағы «EXPO Astana 2017» көрмесіне қатысады

/uploads/thumbnail/20170808151140844_small.jpg

Қытайдың Шаңдұң аймағы «EXPO Astana 2017» көрмесіне қатысатын болды. Бұл өңір Қытайдың шығысында орналасқан өндірістік, әрі аса дамыған туристік-шипажай аймақтың бірі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытай тарабы бүгінде Қазақстанмен екіжақты экономикалық және сауда ынтымақтастығын өрбітіп, оған қоса, іскерлік келіссөзді жандандырып, мәдени қарым-қатынастарды арттыруды көздеп отыр. Әсіресе, Шаңдұң аймағының Ұлы дала елімен байланысты тереңдетпек ниеті ерекше. Бұл туралы Азия мемлекеттері ақпарат құралдары өкілдері үшін Шаңдұң аймағы ұйымдастырған арнайы медиа сапар кезінде жария етілді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Малайзия, Тайланд, Шри-Ланка елдерінің журналистері қатысты.     

«EXPO Astana 2017» көрмесіндегі Шаңдұң аймағының апталығы үш бөлімнен тұрады: аймақтың экономикасын таныстыру, көрмені ұйымдастыру және бірінші тұлғалардың сөз алысы. Апта аясында Астана мен Алматыда 10 ірілі-ұсақты іскерлік-мәдени шара өткізу жоспарланып отыр.  

Шаңдұң аймағының Астанаға сапары алдында азиялық БАҚ өкілдеріне аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жан-жақты таныстырылды. Жергілікті әкімшілік медиа сапар кезінде журналистерге Шаңдұң аймағының келешегі зор өнеркәсіп орындарын көрсетті. Нақты айтқанда, Жинан, Дұңяң және Янтай қалаларындағы күн қуаты және мұнай өндірісі құрал-жабдығы, жүк көліктерін жинау, шарап кәсіпорындарының әлеуеті таныстырылды.  

Сапардың айрықша атап өтер тұсы, Қытай мен Ресей біріккен жоғары технологиялы демонстрациялық базасына сапар болды. Бұл Қытай үкіметі қарқынды қолға алған «Бір жол - бір белдеу» жобасының іс жүзіндегі нақты көрінісі. Жоба аясында Қытай үкіметі Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетіп, өндірістік алмасуға аса ынтызар. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар