Фируза Шәріпованың қарсыласы белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170808154036079_small.jpg

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Фируза Шәріпова 26 тамызда Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бұрынғы әлем чемпионы болгариялық Милана Колевамен жұдырықтасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

29 жастағы Милена бұған дейін IBO нұсқасы бойынша ешқашан жеңіліп көрмеген әлем чемпионы ресейлік Светлана Кулаковамен, олимпиада чемпионы Кэти Тейлор және т.б мықты боксшылармен жұдырықтасқан. Қазіргі таңда Колева әлемдік рейтингте Шәріповадан жоғары тұр. Әлем чемпионы атағына талас 10 раундқа созылады деп жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар