Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті деп хаьарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Планшеттерді қонақтар қоларына алып түрлі экспозицияларды тамашалап, түсіне алады. Содан кейін планшеттерді ұйымдастырушыларға қайтарып беру керек болатын, бірақ қонақтар бұл тәртіпке бағынбаған.
«Ұйымдастырушылар аң-таң болып отыр. Ішке бір мезетте 50 адамға дейін кіре алады. Бірақ, біздің адамдар мұны түсінбейді, кезекті бұзып өткісі келеді. Сөйтіп кіремін деп қолайсыздыққа тап болады, қоршауларды бұзып кетеді. Келушілер соңғы бөлмеге кірген кезде, оларға планшеттер таратылады. Соның көмегімен олар таныса алады. Бірақ, шығар кезде бұл планшеттерді қайтарудың орнына сый деп санап, өздерімен алып кетеді. Екі айдың ішінде 20 планшет жоғалды. Өз басым қатты ұялдым», – деді кәріс тілін жақсы меңгерген азамат.
Кейінірек, Оңтүстік Корея мемлекетінің павильоны ұйымдастырушылар планшеттердің жоғалғанын ресми түрде растады.
Пікір қалдыру