Италияда өрт сөндірушілер сыйақы үшін орманға өрт қойған. Іске қатысы бар барлық адамдар алаяқтық пен материалды шығын келтіргендері үшін жазаланбақ,деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі interfax.ru мәліметіне сүйеніп.
Италиялық тергеушілер 15 адамнан тұратын өрт сөндіруші-еріктілер бригадасының ісін әшкере етті. Өртті орманға қойып, артынша сөндіріп сыйақы алмақ болған өрт сөндірушілер енді жазаланатын болды.
Көптеген өртке қарсы еріктілер 42 жастағы Давид Ди Витенің бригадасына түсуге қызыққан. Астарында бір мәннің жатқанын байқаған тергеушілер өз жұмыстарына кіріседі. Давид Ди Витенің бригадасы кезекшілікте болған түні өрттің басталғаны туралы қоңырау толассыз түсіп отырады екен. Шындығында өздері өрт қойып, өздері уақыт оздырмай сөндіріп отырған. Оның себебі, әрбір ауыздықталған өрт үшін қосымша €10 төленген.
Пікір қалдыру