Екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді нокаутпен жеңгісі келетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттіігі Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
«Головкин – тәжірибесі мол боксшы. Головкиннің командасы менің соққымның күшін бағаламай отыр демеймін. Бокста бәрі де мүмкін. Әсіресе, нокаутпен жеңіске жетіп жүрген екі жігіт жайлы сөз болғанда. Әрине, Головкинді нокаутпен жеңгім келеді», – деді Сауль Альварес.
«Сенім пайда болып, тәжірибе жинадым. Головкиннің әлсіздіктері бар, осы тұста жұмыс істеп жатырмыз. 16-қыркүйекте оның әлсіздіктерін көрсетіп береміз», – деді «Канело».
Пікір қалдыру