Алматыда болған жер сілкінісі 4 баллға дейін жетті

/uploads/thumbnail/20170809103301688_small.jpg

9 тамызда Алматы уақытымен таңғы сағат 5-тен 28 минут кеткенде жер сілкінісі тіркелген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 490 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.

Көршілес Қытай елінде болған жер сілкінісі Алматы, Талдықорған, Өскемен және Қарағанды қалаларында байқалған.

Сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, Алматы мен Талдықорғанда жер сілкінісі 4 баллға дейін жеткен. Ал, Қарағанды мен Өскеменде 2 баллдық жер сілкінісі болған.

Еуропалық сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің қуаттылығы 6,4 баллды құрады.  

Қытайда таңғы 7-ден 27 минут кеткенде 6,6 баллдық жер сілкінісі болған екен.

 



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар