Ауғанстанда ИМ және Талибан содырларынан 235 тұтқын босатылды

    Nazerke Labihan
    Ауғанстанда ИМ және Талибан содырларынан 235 тұтқын босатылды

    "Талибан" содырлары Ауғанстанның солтүстігінде шалғайдағы ауылда кепілге алынған 235 тұтқынды босатты. Мұнда 8 тамызда 50 бейбіт тұрғын өлтірілген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

    8 тамызда кешкісін "235 адам, соның ішінде балалар мен әйелдер босатылды. Оларға ақсақалдар мен провинция шенеуніктері араша түсті", - деп хабарлады провинция губернаторының ресми өкілі Забиулла Амани AFP ақпарат агенттігіне. "Олар Сари-Пуль қаласына аман-есен жеткізілді", - деді Амани.

    Арнайы қызметтегі дереккөздің AFP агенттігіне хабарлауынша, Мирза Оланда шамамен 100 шақты адамды кепілде ұстап отыр. Бұл ауыл өткен демалыс күндері содырлар басып алған Сари-Пуль ауданында орналасқан.

    Жергілікті шенеуніктердің мәліметі бойынша, "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" содырлары бірлесіп жасаған шабуылдан бұл ауылдың 50-ге жуық тұрғыны қаза тапты. Содырлар мен жергілікті үкімет жасағы екі тәулік бойы соғысты. Содырлар шамамен 150 отбасыны кепілге алған.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025