Этникалық қазақтар Елбасынан араша сұрайды!

/uploads/thumbnail/20170809153904580_small.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің электронды поштасына Қыдырәлі Оразұлынан хат келді. Шетелден атажұртқа қоныс аударған 9 азамат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтан, ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахмановтан, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К. Мәсімовтен, Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбековтен және БАҚ-қа көмек сұрап хат жолдапты.

Естеріңізге сала кетейік, Тараздағы көші-қон полициясы арқылы құжат рәсімдеген қандастар ықтияр хаттың екі жылдан кейін жарамсыз екенін анықтаған. Енді олар Қазақстаннан депортациялануы мүмкін. Ал Қытайға қайтып оралса, қамауға алынуы мүмкін екенін айтады.

Қазақстан Республикасының президенті

Нұрсұлдан Әбішұлы Назарбаевқа

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа

ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановқа

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К. Мәсімовке

Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы

төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбековке

ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының назарына!

       

                                                             Ашық хат

Сіздерден, Қытайға депортациялануы мүмкін делінген 250 этникалық қазақ қандастарымызға араша сұраймыз!

Жамбыл облыстық көші-қон полициясы қызметкерлерінің былықпалығы кесірінен, заңды түрде керекті құжаттарын рәсімдеп, осы мекемеден алған ықтияр хаты жарамсыз деп танылуына байланысты 250 қандасымыз елден кетуге мәжбүр болып отыр.

Егер олар Қытайға депортацияланса бірден түрмеге қамалады.

Сондықтан Сіздерден осы қандастарымыздың Жамбыл облыстық көші-қон қызметкерлерінің кесірінен жазықсыз Қытайға департациялануына жол бермеулеріңізді сұраймыз.

Хатқа қол қойғандардың тізімі қосымша ретінде берілді.

Қатысты Мақалалар