Ауғанстанда «Талибан» кепілінде болған 235 адам босатылды

/uploads/thumbnail/20170809153236044_small.jpg

«Талибан» Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан шалғайдағы ауылда кепілде ұстаған 235 адамды босатқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, 8 тамызда ДАИШ содырларымен біріккен «Талибан» мұнда 50-ге жуық бейбіт тұрғынды өлтірген.

«8 тамыз күні кешке жергілікті ақсақалдар мен провинция шенеуніктерінің қатысуымен Мирза Оланнан 235 адам босатылған, – деп хабарлады провинция губернаторының ресми өкілі Забиулла Амани AFP агенттігіне. Губернатор өкілінің айтуынша, тұтқындар Сари-Пуль қаласына аман-есен жеткізілген. Ал кепілде әлі қанша адам қалғаны белгісіз.  

AFP агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Мирза Оланда 100-ге жуық адамды ұстап отыр. Бұл ауыл содырлар өткен демалыста жаулап алған Сари-Пуль ауданында орналасқан. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, «Талибан» мен ДАИШ содырларының әрекет етуі сирек кездеседі.

Қатысты Мақалалар